Hikmet Anil Oztekin. Бәріне құрметпен қараймын...

Мәдениет
168

Кезінде бір-бірін қатты жақсы көріп үйленген, бірақ уақыт өте келе бір-бірімен түсінісе алмай жүрген бір жұп болған екен. Күйеуі әйелінен, әйелі де күйеуінен шағымданып жүреді. Балаларының көзінше айғай салып, айналаның бәрін астаң-кестеңін шығарады. Үйдегі айқай-шудың жалыны әуелі көршілеріне, содан соң ата-аналарына да тиеді. Ата-аналары жағдайды есіткен соң, олар да бір-біріне дұшпан бола бастайды.

Күйеуі басынан өткендерге шыдай алмай, ажырасамын деп, сол өлкедегі бәрінің ақыл сұрап жүрген бір дана қариясына барып, бар жағдайын түсіндіреді. Әбден әйелін жамандап, өз халін ұзақ әңгімелеген жігіт енді не істеу керектігін сұрайды. Қарт оған:
- Бұдан былай сен онымен айырылсаң да, айырылмасаң да, тастасаң да, кетсең де ешқандай маңызы жоқ. Бір айға жуық өмірің қалды. Не істесең оны істе. Ешнәрсе өзгермейді, - дейді. Жігіт естігендеріне сене алмай, қалтырап, реңі бозарып, қарияның алдынан көңілсіз күйде шығып кетеді.

Үйіне барғанға дейін ренжіткен адамдарының бәрінен кешірім сұрайды. Көршілеріне барып, олардан да кешірім сұрайды. Ең соңында үйіне барып, мұңая ойланып, ұзақ отырады. Әйелін қасына алып, ренжіткен күндері үшін өкініш білдіріп, кешірім сұрайды. Күйеуінің мұңайған түрін көріп, шынайылығына көзі жеткен әйелі де шыдай алмай, ол да күйеуінен кешірім сұрайды. Екеуі әрі қарай баз-баяғыдай бақытты өмірін жалғастырады.

Күйеуі қайынжұртынан, әйелі де өз ата-енесінен кешірім сұрап, разылығын алады. Осыдан кейін барып отбасының берекесі кіріп, айналада тыныштық орнап, көрші-қолаң, ағайынның арасындағы баяғы жарасымдылық жалғаса береді. Осы күнге дейін ашу, кек, жеккөрініш орналасқан бұл үйде сол күннен бастап құрмет, жұмсақтық, сыпайылық орнайды. 

Алайда бұл кезге дейін жігіт өзінің өлетіні туралы әйеліне тіс жармаған болатын. Бұны тек өзі ғана білетін және содан кейін барып бәрінен кешірім сұрай бастаған еді. 

Күндер өтіп, әлгі "БІР АЙ" деген мерзім де жақындап қалған. Өмірінің соңғы күндері екенін білетін жігіт бәрімен жақсы қарым-қатынаста болады. Адамдар:  "Бұл бала қалайша тез өзгерді?" дей бастаған еді. Балалары да әкесін жақсы көре бастайды. Айналаның бәрі әдемілене түскендей. 

Айдың соңғы күні келеді, бірақ жігіт өлмейді. Өз-өзіне: "маған бір айға жуық деп айтты, тұп-тура бір ай деген жоқ. Демек, бірнеше күн уақытым бар-ау шамасы" дейді. Арадан бірнеше апта өтеді. Жігіт тағы да өлмейді. Сосын баяғы қарияға барып: 
- Ақсақал, мен әлі өлмедім ғой, - дейді. Қария: 
- Өлімі несі? Сен қандай өлімді айтып тұрсың? - дейді. Жігіт:
- Сіз маған бір ай бұрын "бір айдай өмірің қалды, өлесің" деп едіңіз. Бірақ мен әлі өлген жоқпын ғой?! - дей бергенде дана қарт: 
- Жігітім, мен сенің қашан өлетініңді қайдан білейін? Әлбетте бір ай келеді, сол айдың бір күні келгенде, сен де өлесің, - деген екен.

Көрдіңіз бе, өмірден өтетінін білетін адам - ешкімге жамандық жасай алмайды. Бәріне құрметпен қарайды... 

Түрік тілінен аударған: Шындаулетов Елдос Жумагалиевич
Өскемен қаласы, "Нұрорда" мектеп-лицейі
"Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні мұғалімі

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Мәдениет

Өз биігіне көтерілген ақын

Қазақ әдебиетіне жасындай жарқ етіп құбылыс болып келген Төлеужан Ысмайылов туған ауылда туып, өлеңд...
Мәдениет

Көзсіз әлемдегі шындық: «Құдай соқыр емес» спектаклі жайлы

Белгілі ғалым Бауыржан Ердембеков «Құдай соқыр емес» спектакліне өз пікірін білдірді. Ол...
Мәдениет

Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

Бүгін әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед)...
Мәдениет

ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІММЕН КЕЛЕДІ

Марат АХЫЛБЕКОВ,МФО KMF банкінің Шымкент филиалының жетекшісі Халықтың несиеге деген көзқарасы...
Мәдениет

27 ақпанда «Болмаған балалық шақ» фильмі экранға шығады

27 ақпаннан бастап «Болмаған балалық шақ» фильмі барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайд...
Мәдениет

Ұлттық кітап күні. Астанада интеллектуалдық ойын өтті

Қазақстанда алғаш рет аталып өтіп жатқан Ұлттық кітап күніне орай елорданың Байқоңыр ауданында мекте...
Мәдениет

«Атырау толқындары» - аудиокеңістікте

Ақпараттық технологияның даму дәуірінде тыңдалатын кітаптардың үлкен сұранысқа ие екені баршаға мәлі...
Мәдениет

«Байрағы биік байтағым» атты республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді

Астана қаласының күніне орай қала әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Астана өкілдігі бірлесіп &l...