«Бұл – дабыл қағарлық жайт»: экс-сенатор тарих оқулықтарының сапасына назар аударды

Кеше – бүгін – ертең!
338
ашық дереккөз

Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі қайта көтерілді. Бұл туралы экс-сенатор Дархан Қыдырәлі Facebook-тегі парақшасында жазды.

Экс-сенатордың пікірінше, оқу жылындағы басты мәселелердің бірі – мектеп оқулықтарындағы олқылықтарды жүйелі түрде жою. Әсіресе тарих пәні оқулықтарындағы қателердің маңызы бөлек, өйткені тарихи білім ұлттық сананың қалыптасуына тікелей әсер етеді.

«Ұлттық сана тарихи сана арқылы қалыптасады десек, қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасатыны анық», – деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы биылғы дәстүрлі Тамыз конференциясында тарих оқулықтарындағы мәселеге арнайы тоқталып, 700-ден астам қатені түзетуді тапсырған.

Дархан Қыдырәлі бұл мәселені бұған дейін де көтергенін еске салды. 2024 жылғы 11 қаңтарда Үкіметке жолдаған депутаттық сауалда тарих оқулықтарындағы қателерді түзетумен қатар, Жошы ұлысының 800 жылдығын атап өту мәселесін ұсынған.

Сондай-ақ депутат қазақ мемлекеттілігінің тарихын оқулықтарда кеңірек әрі жүйелі қамту қажеттігін айтқан. Атап айтқанда, Жошының қазақ хандарының атасы ретіндегі тарихи орнына, Ұлық ұлыс – Алтын Орда тарихына, Моғолстанның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы рөліне және Қазақ хандығының құрылу тарихына көбірек көңіл бөлу керектігін алға тартқан.

«Моғолстан жерінде, Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі», – деп жазды сенатор.

Алайда 2024 жылы жолданған депутаттық сауалға Үкіметтен жауап келгенімен, ол жауаптың көңіл көншітпегенін атап өтті. Оның айтуынша, көтерілген мәселелердің бірқатары әлі де өзекті болып отыр.

Енді экс-сенатор оқулықтардағы қателерге қатысты бірқатар нақты сұрақ туындайтынын айтады: оқулықтардағы қателерге кім жауапты? Олар қандай бақылау кезеңдерінен өтіп барып баспаға жіберілген? Қателер қалай анықталды? Қашан және қандай тәртіппен түзетіледі?

Дархан Қыдырәлі осы оқу жылында тарих оқулықтарындағы анықталған олқылықтар толық жойылады деген үміт білдірді.

Мәселе тек оқулықтағы қате әріп немесе дұрыс жазылмаған тарихи датада емес. Тарихи оқулық - жас ұрпақтың өткен туралы түсінігін қалыптастыратын негізгі құралдардың бірі. Сондықтан оның мазмұнына қойылатын талап та жоғары болуы тиіс.

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Өскеменнің шеткі ауданынан әйелдің мәйіті табылды

Мәйіттен дене жарақаты  байқалған. Әзірше күдікті ұсталған жоқ.  ШҚО Полиция департаменті...
Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаев, Баян Алагөзова, Ерке Есмахан: салық төлемеген әнші-блогерлердің тізімі шықты

Борышкерлер тізімінде 2 миллиард 163 миллион теңге табыс тауып, салық төлемеген Бейбіт Әлібеков кө...
Кеше – бүгін – ертең!

Атырау мен Махамбет ауданында халықты толық эвакуациялау басталды

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Qazaq.t...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайрат мүгедек балаларды оңалтуға жиналған қаражатты да жымқырыпты

Қайырымдылыққа жиналған қомақты қаржыны ұрлады деген айыппен қамалған «BizBirgemiz Qazaqstan&r...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды — сот

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz bi...
Кеше – бүгін – ертең!

"Интуициясы жақсы". Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа үйден айырылып қалғанын қалай жеткізді?

Құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтты күйеуі...
Кеше – бүгін – ертең!

Мәселе - су тапшылығында. Үш адам құдыққа құлап қаза тапты

Алматы облысы Кеген ауданында үш адам құдыққа құлап қаза тапты.  Оқиға орнынан түсірілген...
Кеше – бүгін – ертең!

«4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды

Желіде Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиз Рамазанқызының үйленуге ұсыныс алғаны туралы ақпар тарады. О...