Мәселе - су тапшылығында. Үш адам құдыққа құлап қаза тапты

Кеше – бүгін – ертең!
437
sb.by

Алматы облысы Кеген ауданында үш адам құдыққа құлап қаза тапты.  Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Облыстық Полиция департаменті бұл деректі растап отыр. 

Белгілі болғандай, қайтыс болған үш адамның екеуі - әкесі мен ұлы. Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат берген марқұмдардың туысының сөзінше, қайғылы жағдайға себеп болған ауылдағы су тапшылығы мәселесі. Бейнежазбада адамдардың мәйіті табылған құдық көрсетіледі және қайтыс болғандардың арасында 15 жастағы жасөспірім бар екені айтылады.

«Кегенде сумен проблема бұрыннан бар. Су болмай қалған кезде тұрғындар құдықты өздері ашып, су алудың амалын жасайды. Бұл жолы да сол сумен проблема болып, құдықты ашқан көрінеді. Бірақ олардың қалай түсіп кеткенін ешкім білмейді. Кеш батып, жақындары іздей бастаған кезде, құдықтың ашық тұрғанын көрген. Оларды тапқан кезде құдықтың іші суға толып, аяқ киімдері қалқып жүрген», - дейді Мақпал Шадан есімді ауыл тұрғыны.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдай бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.

«Бұл дерек Кеген ауданының полициясында тіркелді. Қайтыс болған адамдардың денелері мәйітханаға жіберілді, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.     

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Қостанайда күйеуін пышақтаған әйел 8 жылға сотталды

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бейімбет Майлин аудан...
Кеше – бүгін – ертең!

Рамазан-2025: барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

Mazdaq.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күнд...
Кеше – бүгін – ертең!

Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу салды

Mazdaq.kz — Еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы...
Кеше – бүгін – ертең!

Отбасылық жанжалдарды шешудегі медиацияның рөлі қандай? Астанада келелі жиын өтті

Елордалық Достық үйінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні»...
Кеше – бүгін – ертең!

Ақтауда қаза тапқан жаттықтырушы қызды күштеп ұстаған үйдің фотосы шықты

Суреттерді марқұм Алина Серікованың бауыры Бауыржан Жолжанов пен құрбысы Әсел Шотқара көрсетті. Суре...
Кеше – бүгін – ертең!

"Интуициясы жақсы". Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа үйден айырылып қалғанын қалай жеткізді?

Құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтты күйеуі...
Кеше – бүгін – ертең!

Елордада Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтеді

Астана қаласындағы Қазақ елі алаңында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне арналған п...
Кеше – бүгін – ертең!

Елордада «Astana Eurasian Book Fair – 2025» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің орталығында 23-27 сәуір күндері «Astan...