Қостанайда күйеуін пышақтаған әйел 8 жылға сотталды

Кеше – бүгін – ертең!
337
Pixabay

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бейімбет Майлин ауданының Қызылжар ауылының тұрғынына қатысты үкім шығарды. Әйел күйеуін өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды, деп хабарлайды Mazdaq.kz Sn.kz ақпарат порталына cілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 9 мамыр күні кешке ерлі-зайыпты үйдің ауласында алкогольдік ішімдік ішкен. Араларында жанжал туындаған. Сот мәліметінше, ер адам мас күйінде әйеліне кінә артып, оны опасыздық жасады деп айыптаған.

10 мамыр күні шамамен сағат 00:30-да әйел асхана пышағын алып, күйеуінің кеуде тұсының сол жағына бір рет пышақ сұққан. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Сот талқылауы барысында сотталушы өз кінәсін ішінара мойындағанымен, адам өлтіруге ниеті болмағанын мәлімдеді.

Сот әйелді кінәлі деп танып, оны сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады. 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: елордада халықаралық кітап көрмесі өтуде

Елордада ҚР Президентінің орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX Халықа...
Кеше – бүгін – ертең!

Қымбат көлік, зәулім үйлер сатып алған. 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен Перизат Қайрат ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қайырымд...
Кеше – бүгін – ертең!

Елорданың коммуналдық қызметтері «Таза Қазақстан» акциясына жаппай қатысты

Елордада «Астана Тазалық» компаниясының бастамасымен, қалалық кәсіптік-техникалық коллед...
Кеше – бүгін – ертең!

Астананы ластағаны үшін 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Елордалық прокуратура 2025 жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлкін қасақана жоюға және бүлдіруге қ...
Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын тудырды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жасаған пародиясы желі оқырмандарына жақпай қалды, деп жазды janabastau.kz...
Кеше – бүгін – ертең!

Медициналық академия оқытушысы соққыдан қаза тапты

Оқытушыны көшеден өтіп бара жатқан адамдар ес-түссіз жатқан жерінен тапқан, деп хабарлайды  jan...
Кеше – бүгін – ертең!

«Әкемнен үлкен адам…»: Танымал актриса өзіне көңілдес болуға ұсыныс түскенін айтты (ВИДЕО)

Тамаша» ойын-сауық отауының әртісі Гүлжан Қалыбаева өзіне бастығының сорақы ұсынысын жайып сал...
Кеше – бүгін – ертең!

Ер адам әйелін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты...