Атыраудағы қырғын: марқұмдардың туысы «екінші кілт» жайлы айтты

Кеше – бүгін – ертең!
212
видеодан скрин

Мал сойып, қонақ күткен дейді марқұм Мақсот Қарабалиннің жиені. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жангелдин ауылындағы жантүршігерлік кісі өлтіру ісі бойынша сотта марқұм Мақсот Қарабалиннің жиені Фаризат Кенжеғалиева жауап берді. Ол тергеуден кейінгі күмән тудырған жайттар туралы айтты. Бұл туралы NewTimes.kz жазды. 

Куәгердің сөзінше, тергеу әрекеттері аяқталған соң оған марқұмдардың үйінің кілті табысталған. Сол уақыттан бері ол үйге күн сайын барып жүрген. Алайда бір күні түс мезгілінен кейін үйден екінші кілт табылған. «Тергеу аяқталғаннан кейін кілтті маған берді. Күн сайын сол үйге барып жүрдім. Бір күні түстен кейін екінші кілт пайда болды. Оны кім әкелді? Бұған дейін мұндай кілт болған емес. Барлығы бір ғана кілтпен жүретін. Полицейлер есікті бұзып кіріп, алғашқы кілтті үйдің ішінен тапқан еді», — деді ол сотта. Фаризат Кенжеғалиева үйде қонақ күткендей дайындық болғанын да айтты.

Оның сөзінше, Наурыз туыстарына күйеу баласының отбасымен келетінін жазған. Сол кезде жақындары хабарламаларды шынымен Наурыздың өзі жіберіп отыр деп ойлаған. «Ағам олар үшін мал сойып, ет дайындаған. Дастарқан жаюға қамданған. Мұндай әрекетке қалай барғанын түсінбеймін», — деді куәгер. Оның айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін үйдің іші тап-таза болған. «Үй іші мінсіз таза тұрды. Үй иесі кетер алдында жинап кеткендей әсер қалдырды. Барлық ыдыс жуылған. Сойылған еттің бір бөлігі тоңазытқышқа салынған», — деді ол.

Сондай-ақ Кенжеғалиева Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыздың телефонын пайдаланып, туыстарды бір-біріне қарсы қоюға тырысқан деп есептейтінін айтты. «Мен алғашқы күннен бастап ағамның үйінде болдым. Ағам мен жеңгемнің мәйіті табылған кезде де сол жерде едім», — деді куәгер. Еске салайық, бұған дейін сотта айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиевтің анасы да жауап берген болатын. Ол ұлы мен келіні Ақбаян арасындағы қарым-қатынас және қанды оқиғаға дейінгі жағдайлар туралы айтқан. Сол сәтте Сәрсемәлиев сот залында көзіне жас алған еді.

 Тергеу мәліметінше, Атырау облысы Жангелдин ауылында 66 жастағы Максот Қарабалин мен 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіті табылған. Үшінші топ мүгедектігі бар ерлі-зайыпты мал шаруашылығымен айналысып, ауылдан сирек шығатын болған. Наурыз бен Мейрамгүлдің денелері ұзақ уақыт табылмай келген. Кейін Индонезиядан жеткізілген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев олардың денесін өз үйінің маңына көмгенін айтқаннан кейін табылған.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

«4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды

Желіде Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиз Рамазанқызының үйленуге ұсыныс алғаны туралы ақпар тарады. О...
Кеше – бүгін – ертең!

14 жастағы қызды зорлаған мектеп оқушысы: сот үкім шығарды

Апелляциялық сот жас қызды зорлаған жігіттің сот шешімін қайта қарады, деп хабарлайды mazdaq.kz Еск...
Кеше – бүгін – ертең!

Ораза-2025: пітір садақа мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда баста...
Кеше – бүгін – ертең!

Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жөндеуден өткен үш аула ашылды

Астананың Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кешенді жөндеуден өткен үш а...
Кеше – бүгін – ертең!

Елордада Отан қорғаушылар күніне арналған плац-концерт өтеді

Астана қаласындағы Қазақ елі алаңында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне арналған п...
Кеше – бүгін – ертең!

Астана тұрғыны Есілге батып қаза тапты

Астаналық құтқарушылар суға батқан ер адамның денесін тапты. Бұл ақпаратты қалалық Төтенше жағдайлар...
Кеше – бүгін – ертең!

Автобус апатында 2 аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі – Жеңіс Қасымбек

Елордада автобустың жол апатына түсуі салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасына әкімдік тарап...
Кеше – бүгін – ертең!

Рамазан-2025: барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

Mazdaq.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күнд...