Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған 19 жастағы қыз көз жұмды

Кеше – бүгін – ертең!
270
әлеуметтік желіден

Алматыдағы Баум тоғайында ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина ауруханада көз жұмды. Қаралы хабарды оның туыстары жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Mazdaq.kz хабарлайды.

Алматыдағы Баум тоғайында ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина көз жұмды.

Әпкесінің айтуынша, қайғылы оқиғаға қала билігінің жауапсыздығы себеп болған.

Олардың сөзінше, оқиғадан бері әкімдік өкілдері отбасымен байланысқа шықпаған.

Еске салайық, қайғылы оқиға 27 маусым күні Алматыдағы Баум тоғайында болған. Серуендеп жүрген бойжеткеннің үстіне үлкен ағаш құлаған. Салдарынан ол ауыр бас-ми жарақатын, аяқ пен жамбас сүйектерінің ашық сынығын және бауырының ауыр жарақатын алған. Осы уақыт бойы Селина үшінші дәрежелі комада жатқан.

Оқиғадан кейін Алматы әкімдігі сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған еді. Ведомствоның мәліметінше, Баум тоғайында ағаштардың құлау қаупі туралы ескерту белгілері орнатылған. Сондай-ақ биыл санитарлық кесуге 2 мың апатты, қураған және ауру ағашқа рұқсат берілгені айтылды. Әкімдік дерегіне сәйкес, оқиға болғанға дейін мердігер ұйым мыңға жуық қауіпті ағашты кесіп үлгерген, ал қалған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Мамандар ағаштардың көпшілігі шамамен 150 жыл бұрын отырғызылғандықтан, олардың бірқатары қауіп төндіретінін мәлімдеген.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады. Осы мәселеге қатысты Мәжіліс заң жобасын бірінші о...
Кеше – бүгін – ертең!

Қосылған құн салығы өссе, пойыз және ұшақ билеттері қымбаттай ма?

Қазір елімізде қосылған құн салығы шегін көтеру мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Жұртты алаңдататы...
Кеше – бүгін – ертең!

Алматыда орынсыз пранк жасаған жастар жазаға тартылды

Алматыда еңбек адамын сыйламаған азамат сотталды, - деп хабарлайды Mazdaq.kz Polisia.kz сайтына сілт...
Кеше – бүгін – ертең!

Ер адам әйелін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты...
Кеше – бүгін – ертең!

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: елордада халықаралық кітап көрмесі өтуде

Елордада ҚР Президентінің орталығында «Astana Eurasian Book Fair – 2026» IX Халықа...
Кеше – бүгін – ертең!

Қымбат көлік, зәулім үйлер сатып алған. 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікпен Перизат Қайрат ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоғамдық қайырымд...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайрат мүгедек балаларды оңалтуға жиналған қаражатты да жымқырыпты

Қайырымдылыққа жиналған қомақты қаржыны ұрлады деген айыппен қамалған «BizBirgemiz Qazaqstan&r...
Кеше – бүгін – ертең!

Шерзат ісі: Жәбірленушілер жаңа адвокаттармен жұмыс істейді

Шерзат Полаттың ісі Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Жәбірленушілерд...