Ұстазын ұран еткен өр ақын

Мәдениет
126

Жетпісінші жылдардың бас кезі болу керек, үйге Төкеңнің, Төлеген Жанғалиұлының әкесі Жәміш аға келді. Үлкендер солай айтқан соң ба, әйтеуір, мектепке енді барған біз де «Жәміш аға» дейтінбіз.

Әкем үйде еді, ол кісі келе аман-саулықтан соң, қолына ұстап келген қағазын ұсынып жатып, «Кәмен, үйдегі шәкіртіңнің өлеңі, әдейі алып келдім, тәп-тәуір жазылған ба деймін, шәкіртіңнің қабілеті саған мәлім ғой, өзің оқы, бағасын айтарсың. Бірақ, мен «сен жаз, сен бүйт, сен сүйт» деген емеспін.Бұл Төлешімнің шығарғанөлеңі, бір жағы сен көрсін деп алып келген жәйім ғой» деді, басындағы шляпасын шеше, қалтасындағы қол орамалымен маңдайын, шляпасының ішкі жиегін айналдыра сүртіп жатып. Ал, кішкентай бала біздердікі үйге кісі келсе болды, «кәмпит-сәмпит» әкелді ме деген оймен маңайлап жүретінкезіміз. Әйтеуір, әкейдің айтқаны: «Менің шәкіртім жап-жақсы келе жатыр, өлеңдері өткір, өр мінезді, қаймықпай жаза бергені дұрыс...» деп жатты.  Бұл менің Жәміш ағаның ұлы Төлеген Жанғалиұлының өлең жазатын ақын екенін бірінші естуім осылай басталып еді.

 Жетпіс екінші жылы күз айы, үйде сабаққа баруға дайындалып жатқан болатынмын,сыртта ит үрген соң «кім келді екен?» деп, жүгіріпүйден аулаға шықтым. Итіміз қақпа жаққа үріп тұр екен,ешкім кіре қоймаған соң, барып есікті ашып қарасам, пошташы газет әкеліпті, үйге алып келдім. Бір топ газеттердің ішінен «Совхоз туы» газетіндегі(бүгінгі «Абай елі» газеті)Төлеген Жанғалиевтің «Ұстаз туралы толғау» өлеңінекөзіме түсті, тақырыптың астында «Кәмен Оразалинге»деп, ұстаздар мерекесі қарсаңына орайжазылған өлеңі екен.

        Әкем мектептен түске таман келген соң, сүйінші сұрағандай:«Жәміш ағаның баласы Төлеген Жанғалиев сізге өлең жазыпты, міне, міне...» деп, жарыса қарындасым Бақыт екеуіміз көрсетіп-ақ жатырмыз. Екеуіміз де сабақты үздік оқимыз, тақпақты да жаттап алатын, әнді де шырқай жөнелетін кезіміз.Сөйтіп, біз:   

 ...Тамылжытып тамаша үн таңдайынан,

Шам жаққан шаттықтың шалғайынан.

Ұғындырып ұл-қызға Ұлылықты,

Қиындықтың қайыспас қандайынан.

 

...Қасиетті сөзіңе қаталап мен,

Абыройлы атыңды атамап па ем.

Ұстаз, Ұстаз, мен саған шын ғашықпын,

Сәбилік, шәкірттік махабатпен!» деп, шәкірттік көңілмен  жазылған Төкеңнің «Ұстаз туралы толғау» өлеңін жарыса қарындасым екеуіміз екі-үш күнде жаттапалған едік... Бүгін қарап отырсам, оған да жарты ғасырдан астам уақыт өтіпті.

1996 жылы сол кездегі еліміздің астанасы – Алматыға Қазақстан Жазушылар одағының кезекті ХІ құрылтайына Абай ауданынан одақ мүшелері - жазушы Кәмен Оразалин, ақын Төлеген Жанғалиев қатынасатын болып,әкем:«Елдар, әкеңнің соғыстан қалған жаралы аяғы кейінгі кезде сыр беріп жүр емес пе,сен Алматыға менімен бірге барасың, үлкен ортаны көріп қайтасың. Мектеп директорына айтып қойдым, сенің сабақтарыңды уақытша басқа мұғалімдерге жүктейтін болды» деп, көмекші ғыпөзіменбіргеалып барды.Сонымен Төкең үшеуіміз Алматыға,  Жазушылар одағы ғимаратына келдік. Тек теледидардан ғана көретін небір дегдарлар мен атақты ақын-жазушылардың талайын көріп, таң-тамашада болдым. Тіпті, 1968 жылы «Абайдың тұңғыш поэзия күні» Абай еліне келген,Жидебайда Ұлылыққа тағзым жасап,  Абай музейін тамашалаған соң, біздің үйге келіп қонақ болғанДиқан Әбілев, Қасым Қайсенов сынды ақын-жазушылардың да талайын көріп, танысын-танымасын сәлем бердім.Әкемнің арқасында маған Қазақстан Жазушылар одағының құрылтайын көру сәтібұйырды.Сол сапарда елден барған әкем мен Төкең үшеуіміз бірге естелік суретке түстік. Сонда Төкең: «Елдаш, кей сәттерді құр жібермей, фото-суретке алып жатасың,мынауың өте дұрыс. Айтқаным-айтқан, ертең ұстазымызбен түскен осы суреттер тарих болып қалады» деп, әрекетімді құптайразылығын білдірді.

Кейін айтқанындай, 2015 жылы қызым Көркем он жылдық мектепті бітіріп,25 мамыр күні құттықтап Төкең үйге келді, жайылған дастарханнан дәм татты, «Кәмен ұстазымның ұрпағы ғой, арнайы келуді жөн көрдім» деп, баламызға ақжол тілеп, батасын берді. Көңіліміз көтеріліп, құрмет көрсеттік. Сол сәтті пайдаланып, сонау 1996 жылы Алматыда әкем үшеуіміз түскен және көрнекті етіп шығарылғанкөлемді «тарихи фото-суретті» естелік ретіндеТөкеңе тарту еткенімде,ұстазымен түскен суретіне балаша қуанғанына куә болдым. Әрине, бұл ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани сабақтастықтың белгісі еді.

Ұстаз демекші, Төлеген Жанғалиұлы өзінің ақындық шығармашылық жолында өткір де, өршіл өлеңдерімен кімді де болсын бей-жәй қалдырмағаны анық. Рухани ұстазы Кәмен Оразалинге әр кезеңде арнаған, оннан аса арнау өлеңдері, ой толғамдары бүгінде музейіміздің құнды дүниелеріне айналып отыр. Және жазушының шәкірттері арасынан Кәмен ұстазына ең көп өлең арнағанда Төкең екені даусыз.

«Ұстаз туралы толғаныс» атты өлеңінде:                           

...Руға бөлмей қанымды,

Ұлтшыл ғып бұзбай жанымды,

Өзіңнен алғам тәлімді,

Өзіңнен алғам арынды,

Өзіңнен алғам дарынды.

Ел үшін қалай сөнуді,

Ел үшін қалай жануды,

Бәрін айт та, бірін айт,

Кәменшіл жанмын, кәдімгі! – деп, рухани ұстазын ұран етеді, өр ақын Төлеген Жанғалиұлы.

       Абай атындағы орта мектептің бұрынғы директоры, ұлағатты ұстаз Нағима Құмарова: «...Елімізде үлкен құрметке бөленіп, абыройы - атақталып жүрген балаларымыз Роллан Сейсенбаев, Жәнібек Кәрменов, Төлеген Жанғалиевтер осы ұстаз, жазушының қаламынан ұшталғандар», деп жаздыК.Оразалин туралы естелігінде. 

Расында, Төкең: «Біз Кәмен мұғалімнің арқасында шетімізден Абайшыл болып өстік. Абайдың кем дегенде елу өлеңін жатқа оқитын болдық. Мұғалімнің өзі де Абайдың «Жаз» өлеңін оқығанда қайран қалатынбыз. Өлеңді дәл бір өзі жазып отырғандай шабыттана шалқып, шарықтап кетуші еді» дейді, «Менің ұстазым» атты естелігінде.

2022 жылы 11 қарашада Кәмен Оразалиннің өзі салып, өзі тұрған үйі музей болып ашылғанда Төкең шәкірттік көңілмен арнаған «Екінші өмір» атты жыр-шашуында:

...Кәмен ұстаз шәкіртінің бірі едім,

Толықтырған тобықтының сүйегін.

Қанға қызбай алаулата алмайсың,

«Қазақ» деген халқымыздың жүрегін.

...Бұл музейде не керектің бәрі бар,

Халықтың да, тарихтың да нәрі бар.

Керегі жоқ үш қабатты котдеждің,

Кәдімгі үйден Кәмен ізі табылар.

...Ашты бүгін екінші өмір есігін,

Кәмен атам Алаш білген есімін.

Хан Шыңғыс пен қарт Қарауыл қайтадан,

Тербетеді тектіліктің бесігін!–деп,асқақ пафоста шәкірттік махаббатпен толғайды.Осы орайда, өткен жылы 11 қарашада музейдің ашылғанына екі жыл толуына орай «Музей – халық тәрбиесінің шежіресі» атты өткізілген рухани-танымдық шара аясында жазушының төл шәкірті Төлеген Жанғалиұлымен кездесу өткізіліп,ақын шығармаларынан арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Алдағы 75 жастық мерейлі тойдың бастауы болсын деген ниетпен музей атынан «Алғыс хат» табысталып, қазақты дәстүрмен сый-құрмет көрсетілді, Кездесуде Төлеген ақын сиясы кеппеген «Қарқуар» атты таңдамалы жыр кітабын музейге тарту етті.

       Асқақ рухта өлең-жырларымен туған халқын сусындатып келе жатқан өткір тілді, өрақын, бүгінде Абай елінің шырақшысы, ел ағасыатанған Төлеген Жанғалиев- Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Жамбыл қоры» сыйлығының және халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері, «Құрмет» орденімен марапатталған, «Абай ауданының құрметті азаматы».

...Шабыттың түріп тастап түнгі аспанын,

                                 Солар үшін жазылар жыр дастаным.

                                 Өйткені, ұстаздардың ақылы ғой,

                                   Азамат боп аршындап шыңды асқаным!– деп, жырлап, «Ұлылықтың басында ұстаз тұрады» қағидатын қашандабек ұстаған ақын Төлеген Жанғалиұлы ел ардақтысы, халықтыңқұрмет-қошеметіне бөленіп,Жәмиләш жеңгемізбен ұрпақ қызығын көріп отырғанбақытты жанұя.

       Бүгінде мерейлі мезет 75 жасты еңсеріп,ел ортасында зор абыройға кенеліп отырған айтулы талант иесі Төлеген Жанғлиұлы мен үшін қадірлі аға, қастерлі тұлға!

Мерейтойыңыз құтты болсын! Қаламыңыздантуар тың дүниелермен туған халқыңызды қуантып, ұзақ жасай беріңіз!

 Елдар Оразалы- ақын, сазгер,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

ҚР Мәдениет қайраткері,

«Абай» медалінің иегері,

Кәмен Оразалин музей-үйінің меңгерушісі

19.01.2025ж.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Мәдениет

Астанада «Алтын қалам» семинар-форумы өтті

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесін...
Мәдениет

Жеңіс Қашқынов. Темеш-Дәмеш

Қазақтың зиялы ұл-қыздары, ерлі-зайыпты Темірбек Жүргенов пен Дәмеш Ермековаға ескерткіш...
Мәдениет

Ұлттық кітап күні. Астанада интеллектуалдық ойын өтті

Қазақстанда алғаш рет аталып өтіп жатқан Ұлттық кітап күніне орай елорданың Байқоңыр ауданында мекте...
Мәдениет

27 ақпанда «Болмаған балалық шақ» фильмі экранға шығады

27 ақпаннан бастап «Болмаған балалық шақ» фильмі барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайд...
Мәдениет

Hikmet Anil Oztekin. Бәріне құрметпен қараймын...

Кезінде бір-бірін қатты жақсы көріп үйленген, бірақ уақыт өте келе бір-бірімен түсінісе алмай жүрген...
Мәдениет

«Біз бақытты баламыз»: Балалар әдебиетіне арналған бәйге жарияланды

«Тұма жырдың Тұманбайы» атанған аса көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманба...
Мәдениет

Көзсіз әлемдегі шындық: «Құдай соқыр емес» спектаклі жайлы

Белгілі ғалым Бауыржан Ердембеков «Құдай соқыр емес» спектакліне өз пікірін білдірді. Ол...
Мәдениет

ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІММЕН КЕЛЕДІ

Марат АХЫЛБЕКОВ,МФО KMF банкінің Шымкент филиалының жетекшісі Халықтың несиеге деген көзқарасы...