«Жетісу» паркінде құстарға арнап ұялар орнатылды

Кеше – бүгін – ертең!
221
Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының Есіл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті игі іс-шара өтті. Аталған бастама тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарау дағдыларын дамытуға және қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді қатысуды арттыруға бағытталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында №59 мектеп-лицейдің оқушылары Жетісу паркі аумағында құстарға арналған ұялар орнатып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл бастама жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, экологиялық тәрбиенің маңызын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Осындай акциялар жыл басынан бері жүйелі түрде өткізіліп, аудан тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырып келеді.

«Мұндай іс-шаралар – тек бір күндік акция емес, бұл – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бөлігі. Әсіресе, жас буынның табиғатқа жанашырлықпен қарап, нақты іс арқылы үлгі көрсетуі қуантарлық. Алдағы уақытта да осындай бастамаларды қолдап, кеңінен жалғастырамыз», – деді Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Жолтабар Әли.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын тудырды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жасаған пародиясы желі оқырмандарына жақпай қалды, деп жазды janabastau.kz...
Кеше – бүгін – ертең!

14 жастағы қызды зорлаған мектеп оқушысы: сот үкім шығарды

Апелляциялық сот жас қызды зорлаған жігіттің сот шешімін қайта қарады, деп хабарлайды mazdaq.kz Еск...
Кеше – бүгін – ертең!

Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жөндеуден өткен үш аула ашылды

Астананың Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кешенді жөндеуден өткен үш а...
Кеше – бүгін – ертең!

Ораза-2025: пітір садақа мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда баста...
Кеше – бүгін – ертең!

«5 бала туғым келеді»: Сұлу спортшы Сәбина Алтынбекова жоспарын айтты

Қазақстандық волейболшы, қазіргі таңда индонезиялық «Yogya Falcons» командасының ойыншыс...
Кеше – бүгін – ертең!

Жемқорлықпен ұсталған Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылды

«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры таратылды Mazdaq.kz - Қайырымдылық мақсатқа жиналған...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайраттың «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі таратылды — сот

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz bi...
Кеше – бүгін – ертең!

Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған 19 жастағы қыз көз жұмды

Алматыдағы Баум тоғайында ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина ауруханада көз жұмды. Қар...