Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

Мәдениет
164
@kudaibergenov.dimash

Бүгін әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед) Қанатұлы Құдайбергеннің туған күні. Әнші 30 жасқа толды. 

Димаш Құдайберген Ақтөбе қаласында туған. Ата-анасы — танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар.

Ол алғаш рет спектакльде ойнап, көпшілікке таныла бастады. Бес жасында тұңғыш рет музыкалық колледж сахнасында ән салған.

Алты жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано» номинациясында жеңімпаз атанды.

2010 жылы «Байқонырдың әсем дауыстары» Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды.

2012 жылы «Жас қанат» республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы «Восточный базар» халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды.

2013 жылы Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» І халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. Сонымен қатар Витебск қаласында өткен XXIV халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған.

2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «эстрада өнері» факультетіне түсті.

Димаш қазақ, ағылшын, орыс, қытай, серб, итальян, француз, тағы басқа тілдерде ән орындайды.

Қытайдың I am a singer (Мен әншімін) телебайқауына қатысып, сайыстың барлық кезеңінен өтіп, екінші орынды жеңіп алды. Аталған жобаны Қытайдың ең ірі Hunan TV телеарнасы көрсетті.

2017 жылы Димаш Азияның «Грэммиі» саналатын «Top Chinese Music Award» сыйлығының «Азияның ең танымал әншісі» аталымында жеңіске жетті. Мұнан бөлек көптеген халықаралық жүлделердің иегері.

Өнер иесі 30 жасын Түркияда қарсы алды. 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Мәдениет

Hikmet Anil Oztekin. Бәріне құрметпен қараймын...

Кезінде бір-бірін қатты жақсы көріп үйленген, бірақ уақыт өте келе бір-бірімен түсінісе алмай жүрген...
Мәдениет

Көзсіз әлемдегі шындық: «Құдай соқыр емес» спектаклі жайлы

Белгілі ғалым Бауыржан Ердембеков «Құдай соқыр емес» спектакліне өз пікірін білдірді. Ол...
Мәдениет

ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІММЕН КЕЛЕДІ

Марат АХЫЛБЕКОВ,МФО KMF банкінің Шымкент филиалының жетекшісі Халықтың несиеге деген көзқарасы...
Мәдениет

«Біз бақытты баламыз»: Балалар әдебиетіне арналған бәйге жарияланды

«Тұма жырдың Тұманбайы» атанған аса көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманба...
Мәдениет

Дүйсен Қасейінов халықаралық ұйымға елші болды

Дүйсен Қасейіновті дәстүрлі музыка және би бойынша халықаралық ұйымының (ICTMD) халықаралық кеңесіні...
Мәдениет

Астанада «Алтын қалам» семинар-форумы өтті

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесін...
Мәдениет

«Атырау толқындары» - аудиокеңістікте

Ақпараттық технологияның даму дәуірінде тыңдалатын кітаптардың үлкен сұранысқа ие екені баршаға мәлі...
Мәдениет

Өз биігіне көтерілген ақын

Қазақ әдебиетіне жасындай жарқ етіп құбылыс болып келген Төлеужан Ысмайылов туған ауылда туып, өлеңд...