Астанада «Алтын қалам» семинар-форумы өтті

Мәдениет
280
Gov.kz

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен "Алтын-қалам" тақырыбында семинар-форум өтті.  Семинар-форумға елордалық қаламгерлер, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалаcындағы өкілі, ақын Дәулеткерей Кәпұлының жүргізуімен өткен іс-шараға елордалық ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысып, ел өміріндегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел болашағы үшін айтылған мәселелер кеңінен талқыланды.

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Зиябекұлы басқарма тарапынан атқарылып жатқан істер туралы баяндама жасап, алдағы жұмыстарға тоқталып, қаламгерлердің қандай да бір ұсыныстары болса ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Әдебиет, мәдениет төңерегінде қалам тербеп жүрген жазушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ жиын барысында қазіргі әдебиеттің жағдайы, жастардың беталысы, қаламақы мәселесі сияқты көптеген түйткілді түйіндердің шешу жолдары қарастырылды.

Жиында АЭС тақырыбы да назардан тыс қалмады. Зиялы қауым өкілдері қоғамның бір бөлігі ретінде бұл мәселеге аса қатты назар аударатындықтарын жеткізіп, оның тиімді және тиімсіз тұстары, алдағы уақытта мамандар тарапынан жіті түсіндірілсе деп түйіндеді.

 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Мәдениет

ТАБЫСТЫ ЖҰМЫС ЛАЙЫҚТЫ ШЕШІММЕН КЕЛЕДІ

Марат АХЫЛБЕКОВ,МФО KMF банкінің Шымкент филиалының жетекшісі Халықтың несиеге деген көзқарасы...
Мәдениет

АҚШ-тан келген квартет қазақ әнін шырқады

21 маусым күні Астанадағы Арбат алаңында әйгілі Henhouse Prowlers өнер көрсетті. Олар блюграсс және...
Мәдениет

Ұлттық кітап күні. Астанада интеллектуалдық ойын өтті

Қазақстанда алғаш рет аталып өтіп жатқан Ұлттық кітап күніне орай елорданың Байқоңыр ауданында мекте...
Мәдениет

Бостандық жырының бозжорғасы еді...

Не­сағаң арқасына ер батқасын болған қай­қаң жорға емес, ана тілінің уызына жарыған, ақындығ...
Мәдениет

«Атырау толқындары» - аудиокеңістікте

Ақпараттық технологияның даму дәуірінде тыңдалатын кітаптардың үлкен сұранысқа ие екені баршаға мәлі...
Мәдениет

Дүйсен Қасейінов халықаралық ұйымға елші болды

Дүйсен Қасейіновті дәстүрлі музыка және би бойынша халықаралық ұйымының (ICTMD) халықаралық кеңесіні...
Мәдениет

Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

Бүгін әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед)...
Мәдениет

«Байрағы биік байтағым» атты республикалық ақындар мүшәйрасы өтеді

Астана қаласының күніне орай қала әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Астана өкілдігі бірлесіп &l...