АҚШ-тан келген квартет қазақ әнін шырқады

Мәдениет
90
Фото авторы: Айкөркем Сағат

21 маусым күні Астанадағы Арбат алаңында әйгілі Henhouse Prowlers өнер көрсетті. Олар блюграсс және фольклор жанрларында ән айтады.  Ашық аспан астындағы бұл мәдени шара қала тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас әсер сыйлады,- деп хабарлайды Mazdaq.kz тілшісі.       

Henhouse Prowlers - АҚШ-тың Чикаго қаласында 2004 жылы құрылған квартет. Құрамында кәсіби өнерпаздар: Бен Райт (банжо), Джейк Ховард (мандолина), Крис Доллар (гитара) және Джон Голдфайн (контрабас) бар.  Олардың ерекше стилі - дәстүрлі америкалық музыканы түрлі халықтардың сазымен үйлестіру.                                                                                                          

Концерт АҚШ-тың  дипломатиялық миссиясының уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсонның сөз сөйлеуімен басталды. Ол аталмыш кештің тек музыкалық шара емес, мәдени тәжірибе алмасу алаңы екенін айтты. «Henhouse Prowlers» – Американың мәдени елшілері. Олар музыка арқылы түрлі халықтарды біріктіріп, шығармашылықтағы достық пен татулықтың символына айналды. Бүгінгі кеш -  соның жарқын дәлелі.                    

Квартет Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік департаментінің Arts Envoy бағдарламасы аясында келген. Бұл бастама америкалық өнерпаздарды әлем елдеріне жіберіп, музыкалық байланыс арқылы өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Кеш барысында квартет авторлық шығармаларынан бөлек қазақтың халық әндерін де орындап, тұрғындарға  тосынсый жасады. Әсіресе, «Шынарым» мен «Қара жорға»  қосылғанда, көрермен ерекше қолшапалақтап ән айтып, би билеуге кірісті. Қала тұрғыны Зарина Мухаммедәли концерттен кейін өз әсерімен бөлісті:                         

- «Бұл -  мәдени көкжиегімізді кеңейткен керемет кеш болды. Олар 30-ға жуық елде өнер көрсетіпті, ал бүгін біз солардың біріне айналдық. Қазақ әндерін ерекше ықыласпен орындағандары қуантты», – деді ол.

Америкалық boysband-тың өнеріне тәнті болған Арайлым Абдулла: «Бізге барлық әндері ұнады. Қазақ әндерін шынайы орындаған кезде ерекше толқыдық. Концерт көңіл-күйімізді көтерді. Рақмет!»-дейді. Музыкант Зәуре Жақпарова да кешке жоғары баға берді:

 «Өзім де өнер жолында жүрген соң сахнадағылардың еңбегін жақсы түсінемін. Бұл — тек концерт емес, нағыз мәдени тәжірибе болды», – деді ол.    Henhouse Prowlers тобы концертпен ғана шектелмейді. Қазақстанда  шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр. Олар Bluegrass Ambassadors жобасы арқылы әуесқой өнерпаздарға Американың музыкасымен таныстырып,  мәдени байланысты дамытуды көздейді. Айтулы кешті ұйымдастыруға атсалысқан «Арбат Арт» платформасының директоры Арай Ордабаеваға да шетелдік квартет алғыс білдірді.                                   

Henhouse Prowlers - тек музыка ғана емес, халықтар достығын нығайтқан ұжым.  Аталмыш кеш Американың мәдениетпен етене танысуға арқау болды.   Әлемнің әуезді әндеріне тыңдап, концертке куә болған халық дән риза.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Мәдениет

«Атырау толқындары» - аудиокеңістікте

Ақпараттық технологияның даму дәуірінде тыңдалатын кітаптардың үлкен сұранысқа ие екені баршаға мәлі...
Мәдениет

«Біз бақытты баламыз»: Балалар әдебиетіне арналған бәйге жарияланды

«Тұма жырдың Тұманбайы» атанған аса көрнекті ақын, Қазақстанның Халық жазушысы Тұманба...
Мәдениет

27 ақпанда «Болмаған балалық шақ» фильмі экранға шығады

27 ақпаннан бастап «Болмаған балалық шақ» фильмі барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайд...
Мәдениет

Ұлттық кітап күні. Астанада интеллектуалдық ойын өтті

Қазақстанда алғаш рет аталып өтіп жатқан Ұлттық кітап күніне орай елорданың Байқоңыр ауданында мекте...
Мәдениет

Жеңіс Қашқынов. Темеш-Дәмеш

Қазақтың зиялы ұл-қыздары, ерлі-зайыпты Темірбек Жүргенов пен Дәмеш Ермековаға ескерткіш...
Мәдениет

Димаш Құдайберген 30 жасқа толды

Бүгін әлемдік деңгейдегі танымал әнші, композитор, мультиинструменталист Димаш (Дінмұхаммед)...
Мәдениет

Астанада «Алтын қалам» семинар-форумы өтті

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесін...
Мәдениет

Бостандық жырының бозжорғасы еді...

Не­сағаң арқасына ер батқасын болған қай­қаң жорға емес, ана тілінің уызына жарыған, ақындығ...