Қызылордада қайтыс болған оқушыға қатысты тың дерек шықты

Әлеумет
401
Бейнежазбадан

Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9 сыныптың оқушысы Ерасыл Төребай қайтыс болды,  деп хабарлайды madeniportal.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімнің өліміне қатысты екі жасөспірім күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Марқұмның анасы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына берген сұхбатында ұлының жоғары сыныпта оқитын балалардан әлімжеттік көргенін айтып отыр. Сәуле Жақсылықованың айтуынша, ұлы өткен сенбіде кешке достарына барамын деп үйінен шығып кеткен. Сол кеште жоғары сыныптағы оқушылар өздерінен кіші балаларды жинап алып, әбден ұрып-соққан дейді. Ауыр соққыдан есінен танып құлаған бала көп ұзамай қайтыс болған.

Жалғыз ұлымнан айырды. Балалардың бәрін қатарынан тұрғызып қойып ұрған екен. Сонда балам «Ұрмаңдаршы, менің денсаулығым жоқ. Ұрмаңдаршы» деп өтінгеніне қарамаған, - деді Ерасылдың анасы.  

Сәуле Жақсылықованың айтуынша, бұған дейін де ұлы бірнеше рет таяқ жеген екен. Соны айтып мектеп директорына барғанда басын алып қашып, мектеп психологынан, басқа мамандардан сұра деп жіберген.

Ерасылдың өліміне күдікті ретінде 10 сыныптың екі оқушысы қамауға алынған.

Оқи отырыңыз

Медицина

МӘМС: мемлекет жарналарының мөлшері біртіндеп көбейеді

Медициналық сақтандыруда мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі күше...
Әлеумет

Астаналық пауэрлифтерлер «Таза Қазақстан» акциясына қосылды

Бүгін №7 БЖСМ пауэрлифтинг бөлімінің спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына...
Кеше – бүгін – ертең!

Атырау мен Махамбет ауданында халықты толық эвакуациялау басталды

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Qazaq.t...
Саясат

«Айка тізімі»: эскорт қыздардың клиенттері жазалана ма

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізіміне» қатысты атышулы і...
Әлеумет

Астанада студенттер мен оқушылар бірігіп, иіссу өндіретін болды

Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы...
Әлеумет

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген келіншек сот алдында жауап берді

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты со...
Медицина

Астанада Репродуктивті денсаулық апталығы өтіп жатыр

Елордада 12-18 мамыр аралығында Репродуктивті денсаулық апталығы басталды. Бұл апта Қазақстан Респуб...
Медицина

Нейрохирургия, кохлеарлық имплантация және эндопротездеу: Астанада балаларға жасалатын күрделі операциялар

Соңғы жеті айда елордалық №2 көпсалалы балалар ауруханасында 500 мың теңгеден асатын ондаған тегін о...