Зейнетақы жинақтарымен ипотеканы өтеу: Өтінім қабылдау тоқтатылады

Әлеумет
35
Gov.kz

Қазақстанда зейнетақы жинақтары есебінен ипотеканы өтеуге қатысты жаңа шектеу енгізіледі. Отбасы банк негізгі қарызды ғана өтеуге рұқсат беріп, осы өзгерістерге байланысты өтінім қабылдауды 2026 жылғы 30 қаңтардан бастап бір айға уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Отбасы банк зейнетақы артық қаражатын пайдалану тәртібіне қатысты маңызды өзгерістер туралы мәлімдеді. Отбасы банкінің түсіндіруінше, тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану қағидаларында "қарыз" ұғымы "негізгі қарыз" деген терминге ауыстырылған. Өзгеріске сәйкес, енді зейнетақы артық қаражаты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды өтеуге ғана бағытталады.

Яғни:

  • ай сайынғы төлемнің ішіндегі пайыздар мен қосымша төлемдерді зейнетақы жинақтары есебінен жабу мүмкін болмайды;
  • пайыздар мен өзге де ілеспе төлемдер қарыз алушының жеке қаражаты есебінен төленуге тиіс.

Осы жаңашылдыққа байланысты ипотеканы өтеу процесі қайта пысықтауды талап етеді. Болашақта бұл операция екі кезеңнен тұрады:

  1. Әуелі, пайыздар мен өзге де төлемдер жеке қаражат есебінен өтеледі;
  2. содан кейін негізгі қарыз зейнетақы артық қаражаты арқылы жабылады.

Ол үшін Отбасы банктегі қазіргі және арнайы шоттарда алдын ала жеткілікті қаражат болуы қажет. Осыған байланысты банк біржолғы зейнетақы төлемдерін есебінен ипотеканы ішінара немесе толық өтеуге өтінім қабылдауды уақытша тоқтатады.

Еnpf-otbasy.kz платформасында өтінім қабылдау 2026 жылғы 30 қаңтардан 31 қаңтарға қараған түннен бастап 2 наурызға дейін тоқтатылады.

Айта кету керек:

  • 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін тапсырылған өтінімдер бұрынғы тәртіппен қаралады;
  • зейнетақы жинақтарын сұрату процесі өзгермейді;
  • тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған өзге мақсаттар бойынша зейнетақы қаражатын пайдалану шарттары сол күйінде қалады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар зейнетақы жинақтарындағы артық қаражатты ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша берешекті толық немесе ішінара өтеуге пайдалана алатын. Бұл сомаға негізгі қарызбен қатар, ай сайынғы төлем құрамындағы пайыздар да кіретін. 2026 жылғы 13 қаңтардағы министрлік бұйрығымен тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізіліп, енді зейнетақы жинақтары тек ипотеканың негізгі қарызын өтеуге ғана бағытталатыны нақты бекітілді. Өзгерістер 2026 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Әлеумет

Елордада «Үздік жас отбасы-2024» байқауы өтті

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жас отбасы-202...
Әлеумет

Астанада тіршілікті қамтамасыз ету нысандары салынып жатыр

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында салынып жатқан тіршілікті қамтамас...
Әлеумет

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген келіншек сот алдында жауап берді

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты со...
Әлеумет

Астаналық пауэрлифтерлер «Таза Қазақстан» акциясына қосылды

Бүгін №7 БЖСМ пауэрлифтинг бөлімінің спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына...
Әлеумет

Басшылықтан әділетсіздік көрген жас мұғалім

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы жалпы білім беретін мектепте педагог-асситестент басшылықтан ә...
Әлеумет

Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлер қабылданып жатыр

Астанада Жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде оқыту және кейіннен жұмысқа орналастыру үшін бірқатар л...
Кеше – бүгін – ертең!

350 мың доллар пара беруге итермелеп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Осы жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты...
Әлеумет

Астанада студенттер мен оқушылар бірігіп, иіссу өндіретін болды

Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы...