Жыл басынан бері 203,7 млрд теңге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төленді

Әлеумет
369

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (бұдан әрі – МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 203,7 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 26,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 538,7 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 196,8 мың адамды құрайды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады. Мәселен, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 92,1 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 62 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Төлемдердің мөлшері жеке және мыналарға байланысты: соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ке әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру. Бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 7% - ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін төлемдердің мөлшері де 7% - ға артты.

Мәселен, биыл жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін –  95 496 теңгені, 2-топ үшін – 76 397 теңгені, 3-топ үшін 52 089 теңгені құрайды.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 56 913 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 58 681 теңгені құрайды.

Оқи отырыңыз

Әлеумет

Астанада студенттер мен оқушылар бірігіп, иіссу өндіретін болды

Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы...
Халық және мемлекет

Тоқаев ерекше балаларды қолдауға арналған заң әзірлеуді тапсырды

Президент жыл соңына дейін ерекше балаларға жан-жақты қолдау көрсететін заң әзірлеуді тапсырды. Бұда...
Халық және мемлекет

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс - Қ.Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты. Президент «Оның жоға...
Әлеумет

Зейнетақы жинақтарымен ипотеканы өтеу: Өтінім қабылдау тоқтатылады

Қазақстанда зейнетақы жинақтары есебінен ипотеканы өтеуге қатысты жаңа шектеу енгізіледі. Отбасы бан...
Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын тудырды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жасаған пародиясы желі оқырмандарына жақпай қалды, деп жазды janabastau.kz...
Халық және мемлекет

Ақтөбе облысында медициналық қызметтер анықтамасы қымбат бағаға сатылған

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы азаматтард...
Кеше – бүгін – ертең!

"Кінәні басқа біреу өз мойнына алған": Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың бала қағып өлтіргені туралы айтты

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді анасының "Бишімбаев бала өлтірді" деген сөзіне қа...
Саясат

Әлия Назарбаеваға тиесілі зауыт сатылды

Қарағандыда бұрын Әлия Назарбаеваға тиесілі болған қоқыс өңдейтін зауыт 1,5 миллиард теңгеге сатылға...