Астанада тіршілікті қамтамасыз ету нысандары салынып жатыр

Әлеумет
358
gov.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында салынып жатқан тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жайлы жазды. Бұл туралы елорда әкімдігіне сілтеме жасап Mazdaq.kz хабарлайды.  

«Астананы қосымша тіршілікті қамтамасыз ету нысандарымен қамту бойынша жүйелі жұмысты ары қарай жалғастырып жатырмыз. Бұл нысандар қалаға жылу, су, электр энергиясы және т.б. жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған дейін салынған жылу көздерінің арқасында жылу беру маусымы штаттық режимде, тоқтаусыз және апатсыз өтті.

Қазірдің өзінде жылу көздерін келесі жылыту маусымына дайындауға кірістік. ЖЭО-2 кеңейту жұмысын бастауды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ «Тұран» газ жылу станциясының құрылысын толық аяқтауды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, «Телман» газ жылу станциясының құрылысын да жүргізіп жатырмыз.

Бұдан өзге, қосымша 7 км жылу трассасын саламыз әрі 1,8 км жылу трассасын қайта жаңғыртамыз.

Электрмен жабдықтау желілері бойынша – «Арай» қосалқы станциясын пайдалануға беруді, жаңа 1 қосалқы станцияның (Қабанбай) құрылысын бастауды, перспективті құрылыс аудандарында 24 тарату/трансформаторлық пунктің құрылысын жалғастыруды, сондай-ақ 86 км кабель желісін (10 КВт) қайта жаңғыртуды жоспарлап отырмыз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Әлеумет

Астаналық пауэрлифтерлер «Таза Қазақстан» акциясына қосылды

Бүгін №7 БЖСМ пауэрлифтинг бөлімінің спортшылары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына...
Кеше – бүгін – ертең!

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады. Осы мәселеге қатысты Мәжіліс заң жобасын бірінші о...
Әлеумет

Қызылордада қайтыс болған оқушыға қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9 сыныптың оқушысы Ерасыл Төребай қайтыс болды,  деп хабарла...
Кеше – бүгін – ертең!

350 мың доллар пара беруге итермелеп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Осы жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты...
Кеше – бүгін – ертең!

"Кінәні басқа біреу өз мойнына алған": Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың бала қағып өлтіргені туралы айтты

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді анасының "Бишімбаев бала өлтірді" деген сөзіне қа...
Әлеумет

Елордада «Үздік жас отбасы-2024» байқауы өтті

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жас отбасы-202...
Саясат

«Айка тізімі»: эскорт қыздардың клиенттері жазалана ма

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізіміне» қатысты атышулы і...
Кеше – бүгін – ертең!

Атырау мен Махамбет ауданында халықты толық эвакуациялау басталды

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Qazaq.t...