Астанада студенттер мен оқушылар бірігіп, иіссу өндіретін болды

Әлеумет
90
Gov.kz

Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Бұл келісім білім алушылардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған тың жобаның бастамасы болды.

Жаңа жоба аясында №91 мектеп-гимназиясы бұған дейін АҚШ-тың Вашингтон университетімен серіктестік орнатып, әтір өндірісінде қолданылатын қоспа майларды алу жөнінде келісім жасаған еді. Осы халықаралық тәжірибені жалғастыру мақсатында мектеп-гимназияның басшысы Алмагүл Тілектесқызының бастамасымен «Сервис және туризм» колледжінің директоры Салтанат Қайратқызымен меморандумға қол қойылды.

Ынтымақтастық нәтижесінде колледж студенттері мен мектеп оқушылары Вашингтоннан алынған әтір қоспа майларын пайдалана отырып, гүлдер мен жеміс-жидектер негізінде жаңа отандық иіссу өнімдерін дайындауды бастады. Бұл жоба оқушылар мен студенттердің химия, технология және шығармашылық бағыттағы білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Аталған бастамаға Қазақстандағы танымал Romantik гүлдер желісі де қолдау көрсетіп, жобаның тәжірибелік және шығармашылық тұрғыда дамуына өз үлесін қосуда.
Бүгін екі оқу орнының білім алушылары арнайы кездесіп, өзара тәжірибе алмасты.

Кездесу барысында жасалған иіссулар таныстырылып, алдағы жұмыстар талқыланды. Ал дайын өнімдердің ресми презентациясы мамыр айында көпшілікке ұсынылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, алдағы уақытта колледждің флористика және ландшафтық дизайн мамандықтарында білім алып жатқан студенттері мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарына атсалысып, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына өз үлестерін қоспақ.

Аталған жоба білім, бизнес және халықаралық тәжірибені ұштастыра отырып, отандық өнім өндіруге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып отыр.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Әлеумет

Қызылордада қайтыс болған оқушыға қатысты тың дерек шықты

Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9 сыныптың оқушысы Ерасыл Төребай қайтыс болды,  деп хабарла...
Әлеумет

Зейнетақы жинақтарымен ипотеканы өтеу: Өтінім қабылдау тоқтатылады

Қазақстанда зейнетақы жинақтары есебінен ипотеканы өтеуге қатысты жаңа шектеу енгізіледі. Отбасы бан...
Әлеумет

Астанада LRT жүйесінде жұмыс істеу үшін қызметкерлер қабылданып жатыр

Астанада Жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінде оқыту және кейіннен жұмысқа орналастыру үшін бірқатар л...
Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын тудырды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жасаған пародиясы желі оқырмандарына жақпай қалды, деп жазды janabastau.kz...
Әлеумет

Елордада «Үздік жас отбасы-2024» байқауы өтті

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік жас отбасы-202...
Кеше – бүгін – ертең!

350 мың доллар пара беруге итермелеп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Осы жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты...
Әлеумет

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген келіншек сот алдында жауап берді

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты со...
Әлеумет

Желіде жігіттің қызды тыржалаңаш қуып шыққан видеосы тарады

Көп қабатты пәтерлердің бірінде жігіт қызды көпшілік жүретін дәлізге тыржалаңаш қуып шыққан. Видеожа...