Шерзаттың 62 томдық ісі: Даулы тергеу аяқталды

Кеше – бүгін – ертең!
313
Александр Павский

Mazdaq.kz - Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қылмысты тергеу аяқталғанын хабарлады. 

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысып, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданған. 

Полиция мәліметінше, тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынған. Барлық күдіктінің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді.

— Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындысы, жауап алу хаттамасы және басқа да маңызды материалдар бар, - деп хабарлады департаменттен. 
Облыстық полиция тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болғанын атап өтті.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жасар жасөпірім қайтыс болғаны хабарланған еді.

Кейін ашулы талғарлықтар жасөспірім өліміне байланысты наразылыққа шықты. 

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. 

15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды. Артынша, Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен қуылды. 

2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат Полаттың ағасы өлі табылды. 

Кейін Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай ұсталған болатын.

 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

80-нен астам құқықбұзушылық анықталды: Астанада азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

Астанада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау...
Кеше – бүгін – ертең!

Астананы ластағаны үшін 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Елордалық прокуратура 2025 жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлкін қасақана жоюға және бүлдіруге қ...
Кеше – бүгін – ертең!

Шерзат ісі: Жәбірленушілер жаңа адвокаттармен жұмыс істейді

Шерзат Полаттың ісі Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Жәбірленушілерд...
Кеше – бүгін – ертең!

"Интуициясы жақсы". Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа үйден айырылып қалғанын қалай жеткізді?

Құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтты күйеуі...
Кеше – бүгін – ертең!

Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасына іздеу салды

Mazdaq.kz — Еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы...
Кеше – бүгін – ертең!

Рамазан-2025: барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

Mazdaq.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күнд...
Кеше – бүгін – ертең!

Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті ел басшылығы «бейбітшілікке адалдығын&ra...
Кеше – бүгін – ертең!

«Жетісу» паркінде құстарға арнап ұялар орнатылды

Астана қаласының Есіл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті игі...