80-нен астам құқықбұзушылық анықталды: Астанада азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

Кеше – бүгін – ертең!
141
Астана қаласы әкімдігі

Астанада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыс туралы Коммуникациялар қызметіндегі брифингте қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев пен «Astana» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ділмұрат Имінов айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға бағытталған жүйелі және жедел шаралар кешені жүзеге асырылуда. Шамамен 24 мың тонна өнім жеткізуге келісімшарттар жасалып, оларды өткізу 190-нан астам сауда орны арқылы ұйымдастырылған.

«Қосымша ретінде сауда желілерімен сауда үстемесін 10%-дан асырмауды көздейтін келісімдер жасалды, бұл бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді.

Қабылданған шаралар оң динамика көрсетіп отыр: 2024 жылдың қорытындысы бойынша дефляция деңгейі 98,9% болды, 2025 жылы инфляция 107,4%-ды құрады.

2026 жылдың басынан бері Астанада баға индексі 101,1% деңгейінде қалыптасты, бұл республикалық орташа көрсеткіштен төмен. Бұл бағаны реттеу және азық-түлік тұрақтылығы саласында жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін растайды», – деп хабарлады спикерлер.

Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия нарықтағы бұзушылықтарды жүйелі түрде анықтауда: 2026 жылдың басынан бері 32 отырыс өткізіліп, сауда үстемесінің рұқсат етілген деңгейден асуына қатысты 80-нен астам іс тіркелген.

Сонымен қатар күн сайын баға мониторингі жүргізіліп, жеткізушілердің келісімшарттық міндеттемелерді орындауын бақылау жүргізіледі, бұл тауар жеткізу тізбегінің ашықтығын арттырады.

Маңызды бағыттардың бірі – агроөнеркәсіп кешенін және логистикалық инфрақұрылымды дамыту.

Жол картасы аясында жалпы сомасы 180 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, шамамен 1,6 мың жұмыс орны құрылуда. Қосымша ретінде 40 млрд теңгеден астам инвестиция көлемімен аграрлық-индустриялық аймақ құру және логистикалық парк қалыптастыру жоспарланып отыр.

«Қалалық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі – сауда саласында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету. Нарықтар мен сауда ойын-сауық орталықтарына бейінді ведомстволардың қатысуымен тұрақты түрде тексерулер жүргізіледі, онда санитарлық нормаларды, өрт қауіпсіздігі талаптарын және салық заңнамасын сақтау ерекше назарда болады.

2026 жылдың басынан бері 15 заңсыз сауда нысаны демотаждалды, ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 225 болған. Сонымен қатар металл сынықтарының айналымы саласындағы заңсыз қызметтің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл үшін 2024 жылдан бастап міндетті лицензиялау енгізілген.

Жалпы, Астанада жүзеге асырылып жатқан кешенді жұмыс экономиканың және әлеуметтік саланың негізгі бағыттарын қамтып, әрі қарайғы өсім үшін берік негіз қалыптастыруда», – деп қосты спикерлер.

#законипорядок #заңментәртіп

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

«Жетісу» паркінде құстарға арнап ұялар орнатылды

Астана қаласының Есіл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті игі...
Кеше – бүгін – ертең!

Жемқорлықпен ұсталған Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz» қоры жабылды

«Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры таратылды Mazdaq.kz - Қайырымдылық мақсатқа жиналған...
Кеше – бүгін – ертең!

Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жөндеуден өткен үш аула ашылды

Астананың Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кешенді жөндеуден өткен үш а...
Кеше – бүгін – ертең!

"Интуициясы жақсы". Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа үйден айырылып қалғанын қалай жеткізді?

Құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтты күйеуі...
Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда Алисасы бар Яндекс теледидарлары – ТВ Станциясы мен ТВ Про Станциясы сатылымға шықты

ТВ станциялары мен ТВ Про станциялары пультсіз дауыспен басқарылатын және дүниежүзілік контентке кір...
Кеше – бүгін – ертең!

Атырау мен Махамбет ауданында халықты толық эвакуациялау басталды

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Qazaq.t...
Кеше – бүгін – ертең!

«Құқығым бар»: Қорғаныс министрінің орынбасары қазақ тілінде жауап беруден бас тартты

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, бас штабтың жетекшісі Сұлтан Камалетдинов сенат брифингінде...
Кеше – бүгін – ертең!

Астананы ластағаны үшін 5 мыңнан астам адам жауапқа тартылды

Елордалық прокуратура 2025 жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлкін қасақана жоюға және бүлдіруге қ...