Ернұр Бурахан ШҚО Ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды.
Ернұр Бурахан – тәжірибелі маман, журналистік қызметтен медиа менеджер деңгейіне дейін көтерілген. Төрт жоғары білімі бар.
Әр жылдары ШҚО әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз хатшысы, ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Aqtobe» аймақтық телекомпаниясының бас директоры және «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында қызмет еткен.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Оқи отырыңыз

Ресейдің Киевке шабуылы. 32 адам қаза тауып, 120-сы жарақат алды
Киевте 9 шілде аза тұту күні болып жарияланды. Дүйсенбіде Ресейдің зымыранмен шабуылынан қайтыс болғ...

«Айка тізімі»: эскорт қыздардың клиенттері жазалана ма
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізіміне» қатысты атышулы і...

Түркі елдерінің алғашқы бірлескен қаржы қоры құрылды
Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше басқарушы елдер кеңесінің (ТИҚ) алғашқы ұлықтау отырысы ө...

Зеленский пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қоймады
АҚШ Конгресінің делегациясы Мюнхен қауіпсіздік конференциясы барысында Украи...

Елтаңба өзгермек
Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Мағауин елдегі елтаңбаны өзгеруге қатысты қоғамда айтылып жатқан дүр...

Әлия Назарбаеваға тиесілі зауыт сатылды
Қарағандыда бұрын Әлия Назарбаеваға тиесілі болған қоқыс өңдейтін зауыт 1,5 миллиард теңгеге сатылға...

Мемлекет басшысы ресми сапармен Сингапурда жүр
Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республик...
