Табиғи апаттың алдын алу. Малайзия тәжірибесімен бөліспек

Саясат
118
Мемлекеттік басқару академиясы

Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын. Бұл туралыМалайзия Парламенті Сенаты төрағасының міндетін атқарушы Нур Джазлан Мохамед Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесуде мәлімдеді.  

Малайзия – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Малайзияда муссондық жаңбырлар мен су тасқыны жиі болып тұрады. Малайзия Сенаты басшысының м.а. Академия қызметкерлерімен және тыңдаушыларымен кездесудесу тасқынымен күресу бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.

«Су тасқынын басқару – өте маңызды іс. Қазақстан мұндай ауқымды су тасқынын күтпегенін түсінеміз, бірақ әлемде климаттық өзгерістерге байланысты нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны алдағы уақытта да болу ықтималдығы жоғары. Сондықтан Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын. Малайзия Мемлекеттік басқару академиясы тарапынан біз мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен коммуникативтік дағдыларын арттыру бойынша оқыту курстарын ұйымдастыруға әзірміз. Дағдарыс кезінде жұмыс істейтін мамандар білікті болуы керек және халықтың мұң-мұқтажын түсіне алуы керек», – деді Нұр Джазлан Мохамед.

Сондай-ақ спикер мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және мемлекеттік сектор жұмысында жасанды интеллектті пайдаланудың артықшылықтарымен бөлісті.
Академия ректоры Ерлан Әбіл Нұр Джазлан Мохамедке алғысын білдіріп, Малайзияның мемлекеттік басқару академиясымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін атап өтті. Кездесу соңында Академия тыңдаушылары мен қызметкерлері сұрақтарына жауап алды.

Оқи отырыңыз

Саясат

Елтаңба өзгермек

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Мағауин елдегі елтаңбаны өзгеруге қатысты қоғамда айтылып жатқан дүр...
Саясат

Түркі елдерінің алғашқы бірлескен қаржы қоры құрылды

Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше басқарушы елдер кеңесінің (ТИҚ) алғашқы ұлықтау отырысы ө...
Саясат

«Айка тізімі»: эскорт қыздардың клиенттері жазалана ма

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Айка тізіміне» қатысты атышулы і...
Саясат

Зеленский пайдалы қазбалар бойынша келісімге қол қоймады

АҚШ Конгресінің делегациясы Мюнхен қауіпсіздік конференциясы барысында Украи...
Саясат

Ресейдің Киевке шабуылы. 32 адам қаза тауып, 120-сы жарақат алды

Киевте 9 шілде аза тұту күні болып жарияланды. Дүйсенбіде Ресейдің зымыранмен шабуылынан қайтыс болғ...
Саясат

Әлия Назарбаеваға тиесілі зауыт сатылды

Қарағандыда бұрын Әлия Назарбаеваға тиесілі болған қоқыс өңдейтін зауыт 1,5 миллиард теңгеге сатылға...
Саясат

Ернұр Бурахан ШҚО Ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысын тағайындады Қазақстан Республикас...
Саясат

Мемлекет басшысы ресми сапармен Сингапурда жүр

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республик...