Сарапшылар құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша заң жобасын талқылады

Кеше – бүгін – ертең!
409
Парламентаризм институтының баспасөз қызметі

20 маусымда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты мен ҚР Президенттік орталығы «Құқық бұзушылықтың алдын алу: заңға қарсы әрекеттерге нөлдік төзімділік қағидатының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Президент Қ. К. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» құқық бұзушылықты алдын алу жүйесінің тиімділігін арттыру, азаматтардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерді әзірлеуге қатысуын кеңейту міндеті қойылған болатын.
Аталған міндетке қол жеткізу мақсатында қазір ҚР Үкіметі құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң жобасын әзірлеуде, ол қолданыстағы бес заңды біріктіреді – «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы», және «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы». Ал Парламентаризм институты құжатқа өзінің түзетулері мен ұсыныстарын дайындайды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар – Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар атап өткендей, құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай заң әзірлеуге уақыт келді. Заңның қабылдануы халықтың құқықтық қорғалуын жақсартады және құқық қолдану тәжірибесін жеңілдетеді.  Онда жауапты органдардың құзыреттері, ведомствоаралық үйлестіру тетіктері және құқық бұзушылықтардың  алдыналу құралдары нақты жазылуы керек.

Парламентаризм институтының норма шығару жөніндегі атқарушы директоры Алмас Қанатов елдің қауіпсіздік деңгейі оның дамуының негізгі өлшемдерінің бірі болып табылатынын атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов және ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов қатысты.
Парламентаризм институтының сарапшысы, з.ғ.д. Әлібек Темербеков өз сөзінде кейбір тарихи аспектілер мен құқық бұзушылықтың алдын алу жай-күйіне тоқталды.
ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу қызметі басқармасының бастығы Руслан Қаржасбеков «құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы жобасының нормаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

«Астана» Халықаралық университетінің доценті Ержан Жамбаев өз сөзін азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға Қатысу нысаны ретінде құқық бұзушылықтың алдын алуға арнады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қалыптастырылған ұсынымдар одан әрі қарау үшін уәкілетті органдар мен Парламентке жіберілетін болады.

 

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаев, Баян Алагөзова, Ерке Есмахан: салық төлемеген әнші-блогерлердің тізімі шықты

Борышкерлер тізімінде 2 миллиард 163 миллион теңге табыс тауып, салық төлемеген Бейбіт Әлібеков кө...
Кеше – бүгін – ертең!

Елорданың коммуналдық қызметтері «Таза Қазақстан» акциясына жаппай қатысты

Елордада «Астана Тазалық» компаниясының бастамасымен, қалалық кәсіптік-техникалық коллед...
Кеше – бүгін – ертең!

"Интуициясы жақсы". Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа үйден айырылып қалғанын қалай жеткізді?

Құны 170 миллион теңге тұратын үйінен айырылып қалған актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бұл жайтты күйеуі...
Кеше – бүгін – ертең!

Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери көмекті ел басшылығы «бейбітшілікке адалдығын&ra...
Кеше – бүгін – ертең!

Діни терминдерді қазақша айту керек - Бас мүфти

Mazdaq.kz – Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді...
Кеше – бүгін – ертең!

Алматыда орынсыз пранк жасаған жастар жазаға тартылды

Алматыда еңбек адамын сыйламаған азамат сотталды, - деп хабарлайды Mazdaq.kz Polisia.kz сайтына сілт...
Кеше – бүгін – ертең!

Ер адам әйелін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты...
Кеше – бүгін – ертең!

«Жетісу» паркінде құстарға арнап ұялар орнатылды

Астана қаласының Есіл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті игі...