Діни терминдерді қазақша айту керек - Бас мүфти

Кеше – бүгін – ертең!
254
ҚМДБ

Mazdaq.kz – Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді қолданған. Бұл туралы елордада өткен баспасөз мәслихатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

- Осы ретте жастарды діни терминдерді қазақша айтуға шақырамын. Өкінішке қарай, кейбір жас буын өкілдерінің ауызашарды - ифтар, сәресін - сухур деп айтып жүргені көңілге қаяу түсіреді. Сан ғасырдан бері мұсылмандық жолды ұстанған ата-бабаларымыз ауызашар, сәресі деген сөздерді қолданған. Біз де бабалар жолын ұстанған ұрпақ ретінде өзге тілден енген діни терминдерден барынша аулақ болып, өзіміздің ата-бабамыздан қалған жақсы сөздерді қолданып, өзіміздің ана тілімізге құрмет көрсетіп, қазақша сөйлеуге тырысайық, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталатынын хабарлап отыр. Наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн — Қадір түні, ал 30 наурыз — Ораза айт мерекесі.

Еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, барлық өңір, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін PDF форматта muftyat.kz сайтынан сілтемеге өтіп жүктеп алуға болады.  

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бас мүфти кәсіпкерлерді азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға шақырды.

 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған 19 жастағы қыз көз жұмды

Алматыдағы Баум тоғайында ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина ауруханада көз жұмды. Қар...
Кеше – бүгін – ертең!

Автобус апатында 2 аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі – Жеңіс Қасымбек

Елордада автобустың жол апатына түсуі салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың отбасына әкімдік тарап...
Кеше – бүгін – ертең!

80-нен астам құқықбұзушылық анықталды: Астанада азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

Астанада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау...
Кеше – бүгін – ертең!

Мейрамбек Бесбаевтың желідегі видеосы көпшіліктің ашуын тудырды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың жасаған пародиясы желі оқырмандарына жақпай қалды, деп жазды janabastau.kz...
Кеше – бүгін – ертең!

350 мың доллар пара беруге итермелеп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Осы жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты...
Кеше – бүгін – ертең!

Перизат Қайрат мүгедек балаларды оңалтуға жиналған қаражатты да жымқырыпты

Қайырымдылыққа жиналған қомақты қаржыны ұрлады деген айыппен қамалған «BizBirgemiz Qazaqstan&r...
Кеше – бүгін – ертең!

«Құран кітабыма түк болмады»: Әмина қажы өртенген балалар үйіндегі ерекше оқиғаны айтты

Алматы қаласында Наурызбай ауданы Алтын орда көшесі бойында орналасқан «Перзент» балалар...
Кеше – бүгін – ертең!

Қазақтың халық жазушысы Дулат Исабеков өмірден өтті

Қаралы хабарды Алаш жұртына Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов естір...