Астана тұрғыны «Елорда жастары» бағдарламасымен қалай баспаналы болғанын айтты

Халық және мемлекет
129
gov

Елордада жұмыс істейтін жастарды баспана алу мәселесінде қолдауға бағытталған «Елорда жастары» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Бағдарламаға қатысушылардың бірі Ерке Байғабылова мемлекеттің бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ерке Астанада жұмыс істейді және бұрын жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін баспана бағдарламасына қатысып, бес жыл бойы мемлекет берген пәтерде тұрды. Айтуынша, дәл осы уақыт өз үйін сатып алуда маңызды рөл атқарған.

«Мен «Елорда жастары» бағдарламасы туралы «Отбасы» банкінің өкілдері арқылы білдім. Мені бірден оның шарттары қызықтырды – бар болғаны 10% бастапқы жарна және жылдық 5% төмен пайыздық мөлшерлеме. Бұл тиімді болды, - дейді Ерке.

Жалдау мерзімі аяқталған кезде ақшасын да жинап үлгерген. Айтуынша, бес жылда өз пәтерін сатып алудың қаржылық негізін қалауға көмектескен. Астана тұрғыны мүмкіндігін жіберіп алмай, құжат тапсыруды жөн көрді.

«Бағдарлама өте тиімді болды. Банк менеджерлерінің өтініш беруден бастап соңына дейінгі барлық кезеңде бізбен бірге болғаны ерекше қуантты. Бұл маған сенімділік беріп, бүкіл процесті айтарлықтай жеңілдетті», – дейді ол.

Қазір Ерке отбасымен бірге өз пәтерінде тұрып жатыр және «Елорда жастары» бағдарламасы көптеген жастарға маңызды қадам жасауға мүмкіндік береді деп есептейді.

«Елорда жастары» бағдарламасы 34 жасқа дейінгі жастарға жеңілдікпен несие беруді ұсынады. Несиенің максималды сомасы 20 млн теңгеге дейін, мөлшерлемесі – жылдық 5%, бастапқы жарнасы – 10%. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Әлеумет

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген келіншек сот алдында жауап берді

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты со...
Халық және мемлекет

Аралас эстафета жарысында Швеция алтын медаль, Қазақстан 22-орында аяқтады

Жарыс бағдарламасының соңғы кезеңі – аралас эстафета болды. Қазақстан құрамасы, құрамына Арина...
Жаһан және Қазақстан

Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді. Атырау облысының жедел...
Халық және мемлекет

Тоқаев ерекше балаларды қолдауға арналған заң әзірлеуді тапсырды

Президент жыл соңына дейін ерекше балаларға жан-жақты қолдау көрсететін заң әзірлеуді тапсырды. Бұда...
Халық және мемлекет

Қазақстанда соңғы 30 жыл ішінде орын алған ірі шахта апаттары

Қазақстанда соңғы 30 жыл ішінде 11-ге жуық ірі шахта апаттар орын алған. Ең көп апттар Қарағанды обл...
Халық және мемлекет

Ақтөбе облысында медициналық қызметтер анықтамасы қымбат бағаға сатылған

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы азаматтард...
Кеше – бүгін – ертең!

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады. Осы мәселеге қатысты Мәжіліс заң жобасын бірінші о...
Халық және мемлекет

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс - Қ.Тоқаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты. Президент «Оның жоға...