Қазақстанда соңғы 30 жыл ішінде орын алған ірі шахта апаттары

Қазақстанда соңғы 30 жыл ішінде 11-ге жуық ірі шахта апаттар орын алған. Ең көп апттар Қарағанды облысында тіркелген. Бұл өңір елдің тау-кен өнеркәсібінің орталығы болып табылады. Апаттар техникалық ақаулар, қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігі және ұйымдастырушылық мәселелерге байланысты болды.
1990-2000 жылдардағы апаттар
Sputnik.kz дерекқорының мәліметіне сәйкес, 1990 жылдардың соңынан бастап 2000 жылдардың басына дейін Қарағанды облысында бірнеше ауыр шахта апаттары орын алған. Олардың басым бөлігі шахтадағы өрттер мен метан жарылыстарының салдарынан болды. 1996-1998 жылдары бұл өңірде техникалық ақаулар мен қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан бірнеше ірі апаттар тіркелген.
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында шахта апаттары байқалады. 1996-1998 жылдары аймақта техникалық ақаулар мен қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігіне байланысты бірқатар апаттар тіркелген.
Ең ірі шахта апаттары
Соңғы жылдардағы ең ірі апаттардың бірі 2023 жылы Қарағанды облысында орналасқан Костенко шахтасында болды. Жарылыс кезінде шахтада 252 адам жұмыс істеп жатқан, олардың 46-сы қаза тапты. Azattyq.kz мәліметіне сәйкес, апаттың негізгі себебі – көмір қабатынан шыққан өрт.Одан бөлек, 2024 жылы Ұлытау облысындағы шахтада табиғи газдың жарылуы салдарынан жеті кенші қаза тапты. Бұл оқиға да еліміздегі тау-кен саласындағы қауіпсіздік мәселелерін тағы да күн тәртібіне шығарды.
"Саран" шахтасындағы төтенше жағдай (2016 жыл)
2016 жылдың 10 қарашасында Қарағанды облысының шахталарында ірі апат болды. "АрселорМитталТеміртау" компаниясының "Саран" шахтасында жұмысшылар жоғарыға көтерілген кезде арбаның тросы үзілді. Салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болды, тағы біреуі ауруханада көз жұмды.
"Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша апатқа шахтаның үш жұмысшысы – кабинаны монтаждаған жұмыскер, машинист және учаске бастығы кінәлі деп танылды. Үшеуі де бес жылға бас бостандығынан айырылды.
"Қазақстан" шахтасындағы апат (2017 жыл)
2017 жылдың 31 тамызында Қарағанды облысы Шахтинск қаласында "Қазақстан" шахтасында желдету түйісімінде көмір мен газ атқылаған. Сол уақытта шахта ішінде 136 адам болған, оның ішінде үш адам авариялық қазбада болған. Кейініпек шахта қызметкері зардап шеккен үш адамның мәйітін тапты.
Төтенше жағдай салдарынан Ахметжанов Рустам Ренатович, Руденко Валерий Валентинович және Шебанов Максим Сергеевич қайтыс болды.
Шығыс Қазақстандағы жарылыс (2020 жыл)
2020 жылдың маусымында Шығыс Қазақстан облысында орналасқан "Шығыстүстімет" ЖШС Орлов өндірістік кешенінің шахтасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты. Тағы бір шахтер ауруханаға жеткізілді. Оқиға 16 маусымда сағат кешкі он шамасында Бородулиха ауданының аумағында болды.
Газдан уланды (2020 жыл)
Қайғылы оқиға 2020 жылдың 30 желтоқсанында кешке жарылыс жұмыстары кезінде болды. "Ақтөбе Мыс компаниясы" ЖШС-нің төрт қызметкері қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі – газдан улану. Кеніштегі жұмыстар тоқтатылып, қызметкерлер жер бетіне шығарылды.
Қылмыстық кодекстің 156-бабының 4-бөлігі "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
"Абай" шахтасында метан жарылды (2021 жыл)
2021 жылдың 7 қарашасында сағат 09:30-да Қарағанды облысы Абай қаласындағы "Абай" шахтасының кенжарында метан жарылды. Шахтада 64 қызметкер болған, 56 адам бірден эвакуацияланды. 3-К10 кенжарында сегіз жұмысшы қалған, оның ішінде алты адам қайтыс болды, екеуі газдан уланды. Олар ауыр жағдайда жатыр.
Осы саладағы жұмыс пен қауіпсіздік шараларын жақсарту – ең басты міндеттердің бірі болып қалуда.
Оқи отырыңыз

Ақтөбе облысында медициналық қызметтер анықтамасы қымбат бағаға сатылған
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысы прокуратурасы азаматтард...

Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады
Қылмыстық кодекстен бірнеше бап алынып тасталады. Осы мәселеге қатысты Мәжіліс заң жобасын бірінші о...

Заң және Тәртіп: Прокурор Айжан Аймағанова «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясын бастауға шақырды
Бүгін Астанада Қазақстан Халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Аналар форумы өтті. Осы жиынды прокуро...

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген келіншек сот алдында жауап берді
Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты со...

Тоқаев ерекше балаларды қолдауға арналған заң әзірлеуді тапсырды
Президент жыл соңына дейін ерекше балаларға жан-жақты қолдау көрсететін заң әзірлеуді тапсырды. Бұда...

Аралас эстафета жарысында Швеция алтын медаль, Қазақстан 22-орында аяқтады
Жарыс бағдарламасының соңғы кезеңі – аралас эстафета болды. Қазақстан құрамасы, құрамына Арина...

Қосылған құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс - Қ.Тоқаев
Бұл туралы Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты. Президент «Оның жоға...
