Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан бір топ қолға түсті

Кеше – бүгін – ертең!
319
polisia.kz

Ішкі істер органдарының қызметкерлері Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратып, діни алауыздықты қоздыруға тырысқан күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.   

 Polisia.kz-тің мәліметінше экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, құрамында Мақтаарал ауданының тұрғындары бар радикалды діни топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратқан, — деді ІІМ-де.

Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.

 Жасалған қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, — деп атап өтті полиция ведомствосы.

 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Қосылған құн салығы өссе, пойыз және ұшақ билеттері қымбаттай ма?

Қазір елімізде қосылған құн салығы шегін көтеру мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Жұртты алаңдататы...
Кеше – бүгін – ертең!

Қазақстанда Алисасы бар Яндекс теледидарлары – ТВ Станциясы мен ТВ Про Станциясы сатылымға шықты

ТВ станциялары мен ТВ Про станциялары пультсіз дауыспен басқарылатын және дүниежүзілік контентке кір...
Кеше – бүгін – ертең!

Ақтөбелік депутат әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді

 Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихат депутаты Болат Аяп әйелді ұрып-соқты деген күдікке іл...
Кеше – бүгін – ертең!

Шерзаттың 62 томдық ісі: Даулы тергеу аяқталды

Mazdaq.kz - Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қ...
Кеше – бүгін – ертең!

Шерзат ісі: Жәбірленушілер жаңа адвокаттармен жұмыс істейді

Шерзат Полаттың ісі Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. Жәбірленушілерд...
Кеше – бүгін – ертең!

Таза Қазақстан: астаналық еріктілер қарттарға жәрдемдесті

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында «Астана жастары» жастар...
Кеше – бүгін – ертең!

Баум тоғайында үстіне ағаш құлаған 19 жастағы қыз көз жұмды

Алматыдағы Баум тоғайында ағаш құлап, ауыр жарақат алған 19 жастағы Селина ауруханада көз жұмды. Қар...
Кеше – бүгін – ертең!

Атыраудағы қырғын: марқұмдардың туысы «екінші кілт» жайлы айтты

Мал сойып, қонақ күткен дейді марқұм Мақсот Қарабалиннің жиені. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынш...