Қазақстанда мұғалім тапшылығы бар ма?

Кеше – бүгін – ертең!
285
Адлет Беремкулов

Mazdaq.kz — Еліміздің өңірлерінде мұғалім тапшылығы әлі де бар ма? Қай пәндер бойынша мұғалімдер жетіспейді? Бұл сұрақтарға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді.

— 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарында екі мыңнан астам бос вакансия бар. Атап айтсақ, математика, физика пәндері және бастауыш сынып мұғалімдері бойынша бос орындар тіркелген. Қалыптасқан бос орындарға уақытылы конкурс жарияланады, оның тәртібі тиісті қағидалармен айқындалған. Конкурс нәтижесі шыққанға дейін оқу жүктемесі пән мұғалімдері арасында бөлінеді. Педагогикалық кадрларға қажеттілік жоқ. Бос жұмыс орындарының негізгі себептері — тұрғылықты жерін ауыстыру, басқа жұмысқа ауысу, зейнеткерлік жасқа жету, декреттік демалысқа шығу, мерзімді әскери қызмет, оқу және шетелдік тағылымдамалар, магистратура мен доктарантураға оқуға түсу, жаңа мектептердің ашылуы, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Соңғы бес жылда педагогикалық бағыттар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары түлектерінің саны жыл сайын шамамен 50 мың адам болып отыр. Еңбек нарығында педагогикалық мамандар жеткілікті ұсынылған. Сонымен қатар, педагогикалық мамандықтар бойынша гранттар саны жылдан-жылға артып келеді. Мәселен, 2022 жылы — 15 273 грант, 2023 жылы — 15 923, ал 2024 жылы 15 973 грант бөлінді. 

Мұнымен қоса, жергілікті атқарушы органдар тарапынан педагог мамандарды даярлауға арналған білім беру гранттары жыл сайын артып келеді.

— Қазіргі кезде дарынды жастар арасынан педагогикалық мамандықтарға түсетіндердің саны артып келеді. 2023 жылы «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлеріне 1 528 грант, 2024 жылы 1 797 грант берілді. Сонымен қатар, педагогикалық білімі жоқ адамдар үшін жоғары оқу орындарында педагогикалық қайта даярлаудан курстар өтіп, білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасады. Жас мұғалімдерді білім беру ұйымдарына жұмысқа тарту үшін «Дипломмен ауылға» арнайы бағдарламасы жүзеге асырылып отыр. 2021 жылдан бастап мұғалімдерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.


Айта кетейік, 2024 жылы тамыз айының аяғында Қазақстан мектептерінде 398 854 педагог жұмыс істеп жатқаны хабарланды. 

Бұған дейін «Алтын белгі» иегерлері педагогика мамандықтарын жиі таңдай бастағаны белгілі болған. 

 

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Кеше – бүгін – ертең!

Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жөндеуден өткен үш аула ашылды

Астананың Байқоңыр ауданында Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында кешенді жөндеуден өткен үш а...
Кеше – бүгін – ертең!

Байқоңыр ауданында тұрғын үйлерді жаңартудың екінші кезеңі басталды

Байқоңыр ауданын қайта жаңғырту, яғни реновация аясында ескі үйлерді күреп жаңа тұрғын үй қорын қалы...
Кеше – бүгін – ертең!

«Өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты»: Қайрат Нұртастың жұбайы қуанышты хабарын жариялады

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі, белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова баспанасына қатысты қуанышт...
Кеше – бүгін – ертең!

«Бұл – дабыл қағарлық жайт»: экс-сенатор тарих оқулықтарының сапасына назар аударды

Білім күні қарсаңында тарих оқулықтарының сапасы мен ондағы қателер мәселесі қайта көтерілді. Бұл ту...
Кеше – бүгін – ертең!

Ораза-2025: пітір садақа мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 1 наурызда баста...
Кеше – бүгін – ертең!

Ақтөбелік депутат әйелін соққыға жықты деген күдікке ілінді

 Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихат депутаты Болат Аяп әйелді ұрып-соқты деген күдікке іл...
Кеше – бүгін – ертең!

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі 12 жылға сотталды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының бұрынғы Гү...
Кеше – бүгін – ертең!

Медициналық академия оқытушысы соққыдан қаза тапты

Оқытушыны көшеден өтіп бара жатқан адамдар ес-түссіз жатқан жерінен тапқан, деп хабарлайды  jan...