«Charity Samruk Marathon – 2024» жобасы үздік қайырымдылық жоба атанды

Адал қоғам – адал азамат
73

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Ақ Мерген» қоғаммен байланыс саласындағы XII қазақстандық сыйлықпен марапатталды. Қордың «Charity Samruk Marathon – 2024» жобасының нәтижесі мен коммуникациялық стратегиясы үздік бағаланып, «Қайырымдылық» номинациясының жеңімпазы атанды.

«Charity Samruk Marathon - 2024» қайырымдылық марафоны өткен жылдың маусым айында Астанада ұйымдастырылып, оған 1200-ден астам адам қатысты. Шарада жиналған 127 млн теңгеге Астананың 5 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Қайырымдылық марафонында жүзеге асқан табысты тәжірибе жалғасын тауып, «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен 2024 жылы Астана мен Ақмола облысындағы 14 мектепте инклюзия кабинеттері ашылды.

Биыл елорда мен Ақмола облысының тағы 12 мектебінде кабинеттерді жабдықтау жоспарлануда. Соның арқасында 500-ден астам ерекше бала инклюзивті біліммен қамтылды, елордалық мектептерде инклюзия кабинеттеріне қажеттіліктің 16%-ы өтелді.

2025 жылы «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны 3 мамырда республикалық деңгейде 20 мың қазақстандықтың қатысуымен өтеді. Қайырымдылық қаражаты Астананың 10 мектебінде жаңа инклюзия кабинеттерін ашуға бағыталады.
12-ші жыл ұйымдастырылып отырған PR саласындағы «Ақ Мерген» қазақстандық сыйлығы еліміздегі PR нарығын дамытуға, қоғаммен корпоративтік және мемлекеттік қарым-қатынастардың мәдениеті мен дәстүрлерін қалыптастыруға бағытталған.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Жаһан және Қазақстан

Атыраудағы Махамбет ауылына қауіп төнді

Жайық өзеніндегі мол судан Атырау облысындағы Махамбет ауылына қауіп төнді. Атырау облысының жедел...
Халық және мемлекет

Аралас эстафета жарысында Швеция алтын медаль, Қазақстан 22-орында аяқтады

Жарыс бағдарламасының соңғы кезеңі – аралас эстафета болды. Қазақстан құрамасы, құрамына Арина...