Алматыда биыл жылу және электрмен жабдықтау желілері жаңғыртылады

Экономика
464
gov.kz

Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасында 2025 жылға арналған жылу және электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту жоспарлары туралы айтылды.

2024 жылы қалада 20 км жылумен жабдықтау желілері, 220 км электрмен жабдықтау желілері жаңартылып, 85 қазандық қайта құрылды. Бұл шаралар жылу беру тиімділігін айтарлықтай арттырды.

Биыл ауқымды міндеттер жоспарланған. Атап айтқанда, 40 км жылумен жабдықтау желілерін және 240 км электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту, сондай-ақ 21 қазандықты қайта жаңарту. Қабылданатын шаралар инфрақұрылымның тозуын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

2024-2025 жылдары жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8%-ға төмендеп, 54,1% болса, электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 1,7%-ға азайып, 63,3%-ға жетеді.

Айта кетейік, Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту әкімдік жұмысының басым бағыты болып табылады. Қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадамның бірі – инфрақұрылымды жаңарту үшін тиімді қаржы бөлуді қамтамасыз ететін инвестициялық бағдарламаларды қолдану.

Админ
Сайт админы

Оқи отырыңыз

Экономика

Астанада жыл соңына дейін құрылысы ұзаққа созылған кезекті 8 тұрғын үй кешені аяқталады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жыл соңына дейін аяқталатын қ...
Әлеумет

Жыл басынан бері 203,7 млрд теңге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төленді

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметт...
Кеше – бүгін – ертең!

350 мың доллар пара беруге итермелеп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды

Осы жылдың 16 мамырында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты...
Саясат

Түркі елдерінің алғашқы бірлескен қаржы қоры құрылды

Ыстанбұлда Түркі инвестициялық қорына мүше басқарушы елдер кеңесінің (ТИҚ) алғашқы ұлықтау отырысы ө...
Кеше – бүгін – ертең!

Атырау мен Махамбет ауданында халықты толық эвакуациялау басталды

Атырау облысы Жалғансай ауылының маңында Жайық өзенінің жайылмаларында су деңгейі көтерілді. Qazaq.t...
Экономика

Елордалық тұрғын үй мемлекеттік бағдарламаға қатысудың үлгісін көрсетті

Қазақстанда 2011 жылдан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың мемлекеттік бағдарлама...
Саясат

Мемлекет басшысы ресми сапармен Сингапурда жүр

Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республик...
Саясат

Елтаңба өзгермек

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Мағауин елдегі елтаңбаны өзгеруге қатысты қоғамда айтылып жатқан дүр...