ШҚО-да арнайы техникамен алтын өндіргендер ұсталды

27

ШҚО-да заңсыз алтын өндіргендерден бір экскаватор, үш металл іздегіш құрылғы, екі автокөлік және топырақ үлгілері тәркіленді. ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір аудандарының бірінде бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген адамдар тобын анықтады.

Заңсыз әрекеттерді толық тіркеу мақсатында жедел уәкілдер ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын пайдаланып, заңсыз жұмыстар жүргізілген жердің нақты орнын анықтады. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылық орнында алты адам ұсталды.

 – Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жерасты ресурстарына келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды, – деп ШҚО Полиция департаменті.

Айта кететіні мұндай заңсыз әрекеттер тек мемлекет экономикасына ғана емес, сондай-ақ өңірдің экологиялық жүйесіне – флора мен фаунаға, табиғи ландшафтқа да елеулі зиян келтіреді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырып, кез келген заңсыз әрекет туралы «102» нөміріне хабарлауды сұрайды. Табиғи байлықтарымызды қорғайтын тиімді күрес тек бірлескен күш-жігер арқылы мүмкін болады.

 

Админ
Сайт админы